Палестиндік ақын дінінен бас тартқаны үшін басы кесілуі тиіс деген сот құжаты Human Rights Watch құқық қорғаушыларының қарауына өтті. Ашраф Файядты 2013 жылы Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында елдің дін полициясы тұтқындаған. 2014 жылдың басында сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, 800 дүре ұру жазасына кескен еді. Файядтың өзі болса, жабылған айыптың бірде-біреуімен келіспеген. Ол өзін шын мұсылманмын деп санайды.
Оны тұрғындардың бірі Алла мен пайғамбар атына кір келтірді деп айыптаған болатын. Сондай-ақ куәгер 35 жастағы ақынның өлеңдерінде атеистік идея жатыр деп айыптаған екен. Бұған сенген ел соты ақынды өлім жазасына кесіп отыр, деп жазады 24.kz.