Бұл университеттің ашылуы елдегі әйелдерге арналған жоғары білімнің сапасын арттыруға бағытталған батыл қадам болды, деп хабарлайды ВЕСТИ.ру.
Корольдіктің астанасы Эр-Риядтың маңында орналасқан оқу орнының құрылысына 5 млрд. доллар жұмсалды. 50 мың студентті қабылдай алатын кампустың аумағы 800 гектарды құрайды.
Университет ректоры Хода әл-Амиль университет үш жылдың ішінде салынып біткенін айтты. «Осы ұйымның ашылуына орай біз корольге алғысымызды білдіреміз, бұл қызметкерлер мен студенттерді ынталандырмақ», - деді Хода әл-Амиль.