Сауд Арабиясында өткен бұл жолғы муниципалдық сайлауға сайлаушы және үміткер ретінде ел тарихында алғаш рет әйелдер қатысты.
Сайлау толықтай нәтижесі кейінірек, алдағы жексенбіде жарияланады. Жалпы алғанда 5938 ер адамдармен бірге 978 әйел кандидат ретінде тіркелді.
Бүгінгі таңда өмірден өткен король Абдалла 2011 жылы әйелдердің сайлауға қатысуы туралы шешім қабылдаған болатын.
Сайлауда муниципалдық кеңестің 2100 мүшесі анықталады, тағы 1050 король келісімімен тағайындалады, деп хабарлады Би-би-си.