Сауд Арабиясында әйелдерге ерлерінің рұқсатынсыз саяхаттауға рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауд Арабиясының билігі әйелдерге ерлерінің рұқсатынсыз шетелге шығуға рұқсат берді, деп хабарлайды Okaz басылымы.

Билік 21 жастан асқан әйелдерге төлқұжат алып, қамқоршының рұқсатынсызелден шығуға мүмкіндік беретін құжаттар мен азаматтық мәртебе туралы заңғаенгізілген түзетуді мақұлдады.

Қамқоршылық амалына сәйкес, әйелдер төлқұжат алуға өтініш бергенде немесе елден шығатын кезде, тұрмыс құрардаәкесінен немесе күйеуінен, кейде ағасынан немесе ұлынан рұқсат алуы керекболған.

Басылымның атап өтуінше, түзетулер қамқорлық жүйесін бұзбайды, дегенмен осыбағыттағы айтарлықтай өзгеріс болып отыр.