Дегенмен, министрлік жұмыс берушілерді әйелдерді нәзікжандылар қауымына қызмет көрсететін мекемелерге белсенді түрде жұмысқа қабылдауға шақырды. Яғни, бұл жерде тек әйелдерге арналған дүкендер, сұлулық салондары мен спорт клубтары туралы айтылуда деп жазады арабиялық ақпарат құралдары.
Бұған дейін Сауд Арабиясында 3 мыңдай адам қатысқан әлеуметтік сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға жауап бергендердің көпшілігі құзырлы органдарда, дипломатиялық өкілдіктерде және жеке компанияларда басшылық қызметтерге әйелдердің тағайындалуын құптайтынын білдірген еді. Қазіргі кезге дейін
осы елдің азаматшаларының қол жеткізген ең жоғары лауазымды мансабы - Білім министрінің орынбасары болып отыр.