Жалпы, әлемде біржыныстылардың некесін заңдастыратын Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Исландия, Норвегия, Швеция секілді 15 мемлекет бар. Сондай-ақ гомосексуалды жұптарды АҚШ пен Мексиканың кейбір штаттарында да ресми түрде тіркейді. Ал біржыныстылардың жұптасуына Кувейт пен Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері қарсы. Олар қазір осы елдерге келетін шетелдік қызтекелерді әуежайларда-ақ анықтап, келген жақтарына қайтаруға мүмкіндік беретін жүйені іске қоспақшы. Алдағы уақытта Кувейт, Сауд Арабиясы, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінің бұл бастамасы басқа елдерден де қолдау табуы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, Кувейтте бір жыныстылардың қарым-қатынас жасауына заң бойынша тыйым салынған. Ал әшкере болғандар абақтағы жабылып, айыппұл төлейді. Осыған ұқсас заңдар Парсы шығанағы елдерінің көпшілігінде кездеседі. Ал Сауд Арабиясында біржыныстылардың төсек қатынасына барғаны дәлелденсе, өлім жазасына кесіледі.
04:01, 15 Қазан 2013
Сауд Арабиясында біржыныстылар өлім жазасына кесіледі
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Жуырда Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл біржыныстыларға қарсы заң қабылдау жөнінде айтып қалды. Бұл мәселе жалпы, әлем елдерінде қалай шешіледі? деген оқырман сауалына «Алаш айнасы» басылымы жауап берді.