Сауд Арабиясында ерекше метро салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында корольдіктің астанасы Эр-Риядада жақында метрополитен құрылысы басталады. Жобаға сәйкес, 85 стансадан тұратын метрополитен 2018 жылы толықтай ашылмақ, деп жазады Сегодня.ua

Бұл жобаның жалпы құны - $22 млрд. Жерасты жолдарының жалпы ұзындығы 176 шақырымға созылып, 6 тармаққа бөлінетін болады.

Alstom Transport француз компаниясының атқарушы директоры Генри Пупар-Лафардждың сөзіне қарағанда, Эр-Рияда метросындағы пойыздар сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүретін болады. Бір ерекшелігі, оларды басқару үшін машинистің керегі жоқ. Сондай-ақ бұл электр пойыздары осы аймақтың климатына бейімдендіріліп, шаң мен құмның түсуінен қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.