Шара кезінде жасалған бейнежазбада Тобайшидің екі монархтың Сауд Арабиясы астанасының әуежайында бір-бірімен амандасқан сәтінде тілшінің бетінен шапалақпен тартып жібергені көрініп тұр.
Бұл бейнежазба жарияланған соң, ел тұрғындары корольден көмекшісіне қатысты шара қолдануды сұраған. Монарх көп ойланбастан Мұхаммед Тобайшиді жұмыссыз қалдырды.