Сауд Арабиясында ГФР елшілігінің көлігіне белгісіз біреулер оқ жаудырды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында белгісіз біреулер әмірліктегі ГФР елшілігінің көлігіне оқ жаудырды.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Салдарынан көлік отқа оранған. Елшіліктің қызметкерлері зардап шеккен жоқ, деп атап өтті агенттік.