Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
А.Мусинов Қазақстанның ғаламдық деңгейдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы қосып келе жатқан үлесі туралы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына және Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде жинақтаған тәжірибесіне жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау үдерісі процессінде көрсеткен көшбасшылық саясатын атап өтті.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақсыз мүшелігіне кандидат ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқтарын сақтау, энергетикалық проблемалар, азық-түлік және су қауіпсіздігі мен климаттық өзгерістер мәселелеріне үлкен көңіл бөлетіндігіне назар аударылды.
Іс-шарада сөз сөйлеген Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мұхаммед Наим Хан Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі басымдықтары көбіне ИЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы негізгі міндеттерімен сәйкес келетініне назар аударды, соның ішінде ядролық қарусыздану, азық-түлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау. М.Наим Хан ИЫҰ-на мүше барлық мемлекеттер Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары саяси беделі мен оның қазіргі замандық көптеген өзекті проблемаларды шешуге қосып келе жатқан үлесіне қолдау білдіретінін және бұл саясат Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне лайықты кандидат ретінде көрсететінін жеткізді.
ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын (АҚИҰ) құру туралы бастамасын ерекше атап өтті. ИЫҰ құрамындағы елдерді ү.ж. қазан айында Астана қаласында өткізілуі жоспарланған АҚИҰ Бас Ассамблеясына қатысуға шақырды.
«ЭКСПО-2017» презентациясы аясында іс-шараға қатысушылар аталған халықаралық көрменің тақырыбымен және оның нысандарының құрылысымен таныстырылды. Қонақтардың назарына көрме туралы бейнефильм ұсынылды.
Қазақстанның БҰҰ ҚК басымдықтары мен «ЭКСПО-2017» көрмесі бойынша ұйымдастырылған презентациясы қатысушылардың қызу үн қатуларын тудырды.