Сауд Арабиясында шеруге шыққан 13 әйелді соттағалы жатыр

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Эр-Риядтағы мамандандырылған қылмыстық соты Бурайд қаласында, Эль-Касим әкімшілік орталығында митингке, қарсылық білдіруге және наразылыққа қатысты деп айыпталған 13 сауд әйелінің ісін қарады.

«Аль Арабия» телеарнасының дереккөзіне сүйенсек, прокурор әйелдердің әлеуметтік желілердегі үндеулерге қосылып, кейіннен наразылыққа шыққанын атап өтті.  Арандатушылар Эль-Касим  Ішкі істер министрін қызметінен босатып, суреттерін өртеуге шақырған. Прокурор соттан айыпталушыларға қатаң жаза қолданып, қаладан шығуға тиым салуын өтінген. Сот ісіне айыпталушы төрт әйелді қорғайтын екі адвокат қатысуда. Дегенмен, судья барлық сотталушылар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырған.