Толассыз жауған нөсердің арты су тасқынына ұласқан. Табиғи апаттан кем дегенде жеті адам қаза тауып, 11 адам зардап шеккен.
Әдетте, Сауд Арабиясының Кувейтпен шектесетін аймағының климаты құрғақ, жауын-шашын аз болады. Табиғаттың бұл тосын мінезінен адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келген.
Қазіргі уақытта су басқан аймақтарда мектептер уақытша жабылды.