Оның айтуынша, 11 миллионнан астам адам қаржылық көмек сұрап өтініш білдірген, алайда үкімет олардың қаншасы өтемақы алуға құқылы екендігін саралап жатыр.
«Бізге басшылық ететін мұрагер ханзаданың орынбасары Мухаммед бен Салманның нұсқауына сәйкес, мүмкіндікке орай барынша көп адамға көмек көрсетуге тырысамыз», - деді ат-Тувижри.