Олардің біреуі веб-сайт ашып, Катиф ауданындағы бүлікке арандататын мақалалар жариялағаны үшін сот үкімімен бес жылға түрмеге отырды. Соңғы үш жылда Катиф провинциясында шиітттер азшылығының қарсылық акциялары үнемі өткізіліп келеді, оның мүшелері өкімет орындары өздерінің мүдделерін қорғамайды деп санайды.
Екінші блогерге адамдарды қарсылық акцияларына қатысуға шақырған интернет-форумда талқылауға қатысқаны үшін алты жылға үкім шығарылды. Бұдан бір күн бұрын сот Раиф Бадавиді «исламды қорлағаны» және либералдық интернет-форум құрғаны үшін 10 жыл түрмеде отыруға кескен болатын.