Сауд Арабиясында темекіге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында корольдік жастарының салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлық спорттық стадиондарда темекі тартуға тыйым салды, деп хабарлады muslim.kz сайты.

«Темекіге тыйым жаңа спорттық кезеңнен бастап өз күшіне енеді» деп мәлімдеді Абдалла бен Масед ханзада. «Бұл бастама көрермендерді темекі түтіні зиянынан сақтау мақсатында қолға алынып отыр. Сондай-ақ біз елдегі спорттық жарыстар үшін салауатты өмір салтын жолға қойғымыз келеді. Жуық арада заңды бұзушыларға арнайы жаза тағайындаймыз» деді араб ханзадасы.

Өткен жылы жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша темекі шегушілер түтіннің 15 %-ын ғана жұтып, ал 85 %-ы өзгелердің денсаулықтарына зиянын тигізеді екен.