Оның айтуынша, қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 60 млрд сауд риалын құрамақ, бұл шамамен 17 млрд доллар. Бірақ, деп атап өтті аль-Бар, егер осы сомаға көлік, қажетті тауарлар мен азық-түлікті жеткізу және тарату шаралары қосқанда жеке кәсіпкерлердің жалпы табысы 100 млрд риалдан асады ($28 млрд).
Сауд Арабиясының қажылық жөніндегі орталық комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылы 1,5 миллионға жуық адам қажылық парызын өтейді, деп хабарлайды ТАСС.
22:27, 11 Қыркүйек 2016
Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде жеке меншік сектордың табысы 28 млрд доллардан асады. Бұл туралы Мекке муниципалитетінің басшысы Усама аль-Бар мәлім етті, деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.