Сауд Арабиясындағы кептелісте мерт болғандар саны 769 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде кептеліс салдарынан қаза болғандардың саны 769 адамға жетті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында елдің денсаулық сақтау министрі Халед әл-Фалех мәлім етті, деп хабарлады ТАСС.

Оның мәліметтері бойынша, тағы 934 адам зардап шеккен. Бұдан бұрын 717 адам қаза болып, 865 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйек күні қажылар тұратын шатырлы лагерьде Джамра көпірінен Минадағы Муздалифке мұсылмандардың басты мерекесі - Құрбан айтқа бара жатқан кезде орын алған. Зиярат етушілердің көптеп жиналуынан олар артында келе жатқан адамдардың аяғының астына құлаған, ал арттан сығылысып келе жатқан адамдар нөпірі қозғалысты тоқтатуға мүмкіндік бермеді.