Сауд Арабиясының астанасында аса ірі жарылыс болды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы өндірістік ғимаратта қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды РБК.

Куәгердің айтуынша, жарылыс салдарынан ғимарат толықтай қираған, құрылыстың аз ғана бөлігі бүлінбеген, жанындағы тұраққа қойылған көліктер отқа оранған. Сондай-ақ оқиға орнына кем дегенде бес өрт сөндіру құрамасы келген.

 Қаза тапқандар туралы мәліметтер әзірге түсе қойған жоқ.