Бұдан бұрын БАҚ-тарда Абдул-Азиз ханзаданың жексенбі, 5 қарашада тұтқынға алуға әрекет жасаған кезде атып өлтірілгендігі хабарланған болатын.
Сонымен қатар, ханзаданы тұтқындау бір кездері ливан премьер-министрінің отбасына тиесілі болған Saudi Oger Ltd компаниясындағы жағдайға байланысты екендігі мәлімделіп отыр.
Еске сала кетсек, 4 қарашада Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жарлық шығарып, елдің билік құрылымын қызметін теріс пайдаланатындардан тазартатындығын мәлімдеген.