Сауд Арабиясының демалыс күндері ресми түрде басқа күнге ауыстырылды

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдолланың жарлығымен демалыс күндер ресми түрде ауысты. Бұл жайында Arabia Business хабарлады.

Бұдан былай саудиялықтар бейсенбі-жұма күндері емес, жұма-сенбі күндері демалмақ. Жарлық маусымның 29-ы күні күшіне енбек. muslim.kz сайтының жазуынша, осылайша елдегі жұмыс күні Парсы шығанағы елдерімен сәйкес жексенбіден бейсенбі күндері аралығында болады.