Сауд Арабиясының королі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының королі Абдалла ибн Абдел Әзиз ауруханаға түсті. 88 жастағы билеушінің арқасына ертең ота жасалады.

Ұлы мәртебеліні ауруханаға министрлер мен туған-туыстары шығарып салды, деп хабарлайды vesti.ru «Россия 24-ке» сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы билеушісінің денсаулық жағдайы әлдеқашан қауіп төндіре бастаған. Өткен жылы монархтың омыртқасына АҚШ-та екі операция жасалды. Ал таяуда ғана Wikileaks сайтында егде тартқан королді толығымен қабілетсіз деп атаған америкалықтардың дипломаттық хат алысуы жарияланды.