Reuters-ке сілтеме жасап РБК-ның хабарлауынша, саясаткер 16 маусым күні Женевада 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.
2012 жылдың мамырынан бері ханзада Женевада орналасқан американдық госпитальде медициналық тексеруден өтіп жатқан. Саясаткер дің мүрдесін жер қойнына беру рәсімі бүгін, 17 маусым күні өтеді. Ханзада өлімінің себептері әзірше хабарланып отырған жоқ. Бірқатар деректерге қарағанда, тақ мұрагері қан диабетімен ауырған әрі остеопорозадан зардап шеккен.
Ол 1933 жылы Меккеге тақау тұстағы Таиф қаласында туған. 1953 жылы Эр-Рияд қаласының губернаторы, ал 1975 жылы Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі болған. Өзінің ағасы мұрагер ханзада Сұлтан бин Абдель Азиз әл-Сауд қаза тапқаннан кейін Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы әрі Премьер-Министрі болып тағайындалған.