Сауд Арабиясының полицейлері құны 267 млн. долларды құрайтын есірткі партиясын тәркіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының полицейлері контрабандамен айналысқан алты қылмыскерді тұтқындап, олардан жалпы құны 267 млн. доллар болатын есірткі партиясын тәркіледі. Бұл туралы корольдіктің ІІМ мәлімдеді.

Сауд Арабиясының бес тұрғыны мен Бахрейннің бір тұрғыны арал корольдігінен Арабия түбегіне 22,6 млн. амфетамин таблеткасын алып өтпек болған, деп хабарлады Мансур ат-Түрки елінің ішкі істер министрлігінен. Оның айтуынша, қылмыскерлер есірткіні маталған сым орамдары мен пластмасса бұйымдардың арасына жасырған, деп жазады ИТАР-ТАСС.