Сауд Арабиясының сақшылары екі лаңкестік оқиғасының алдын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының құқық қорғаушылары екі лаңкестік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс елдің ІІМ мәлімдемесіне сілтемемен.

Ведомство қызметкерлері Пәкістан, Сирия, Судан елдерінің азаматтарын Джидда қаласында Сауд Арабиясы мен БАӘ елдері командаларының арасында өтетін футбол матчы кезінде жарылыс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қолға түсірген. Қаскөйлер жарылғыш зат толтырылған көлікті стадионда жармақ болған. Ведомство олардың «ИМ» лаңкестік ұйымымен байланысы бар-жоғы туралы ақпарат бермеді, деп жазады РИА Новости.