АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Корольдік астанасы - Эр-Рияд қаласында орналасқан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі Мәдина аумағында өкілдігін ашу туралы шешім қабылдады.
muslim.kz сайтының жазуынша, Мәдинадағы өкілдік тұрғындар мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітін зиярат етуге келген қажылардың құжатына қатысты операциялар мен процедураларды жеңілдету үшін ашылып отыр.
Мәдина губернаторының айтуынша, Ханзада Абдул Әзіз бин Маджид бен Әбді Әзіздің бұл шешімі қажылар мен Мәдинаға күнкөріс іздеп келгендерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.