Сауд Арабиясының тұрғыны құлағының қатты ауырғанын айтып, отоларингологқа көмек сұрап барған. Дәрігер оның құлағынан пинцетпен кіп-кішкентай қағазды алып шыққан. Бұл науқастың мектепті бітірер алдында емтихан тапсыру кезінде пайдаланған шпаргалкасы болып шықты.
Аталмыш азамат бірнеше жыл бұрын университетті тәмәмдап, үйленген, осы күні бірнеше баланың әкесі. Осынша уақыт бойы ол бірде бір рет құлағындағы зат жайлы есіне түсірмепті. Естен шыққан шпаргалка ұзақ жылдар бойы оның мазасын алмаған.