Сауд Арабстаны теледидарының үйі өртенді

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат - Бүкіл арабтар мен барша мұсылман жамағатының қасиетті қаласы Меккеде жойқын өрт шықты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат  Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Сауд Арабстанының Ақпарат және мәдениет министрлігінің баспасөз өкілі хабарлағанындай студияға және құрал-жабдықтарға үлкен зиян келген, абырой болғанда қызметкерлердің ешқайсысы да зардап шеккен жоқ. Өртсөндірушілер бригадасы өртті ауыздықтап та үлгерді. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.