Сауд Арабстанында А (H1N1) тұмауын жұқтырудың 32 жаңа оқиғасы тіркелді

Фото: None
ЭР-РИЯД.  Шілденің 14-і.   ҚазАқпарат  -  Сауд  Арабстанында      адамның А (H1N1)   тұмауын  жұқтырудың  32 жаңа оқиғасы  тіркелді, 

деп  хабарлайды ҚазАқпарат  РБК   агенттігіне  сілтеме  жасап.

Осылайша,   елде адамдардың  жаңа  қатерлі вирусты   жұқтыруының  анықталған  оқиғалары  216-ға жетті.   Жаңа ауырғандардың    ішінде 20 адам шетелдік мектептен .    Індеттің алдын алу мақсатында  аталған мектеп  жауып  тасталды.