Сауд Арабстанында шетелдіктер мінген автобусқа шабуыл жасалды
12:51, 27 Мамыр 2009
ЭР-РИЯД. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат – Сауд Арабстанында шетелдіктер мінген автобусқа қарулы шабуыл жасалды.
Саудия Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі генерал Мансұр ат-Түркидің хабарлауынша, жолаушылардың бәрі аман-есен, олардың ішінде үш британдық және сириялық азаматтар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. «Халықаралық тас жолда кетіп бара жатқан шетелдік және саудтық азаматтар мінген автобусқа сейсенбі күні шабуыл жасалған»,- деп хабарлады ат-Түрки. Жеңіл автокөлікке мінген белгісіз біреулер елдің солтүстігіндегі Әл-Жубейл қаласындағы өнеркәсіптік аумақтан қайтып келе жатқан автобусқа арт жағынан келіп шабуылдаған. Атыс салдарынан көліктің артқы терезе шынылары сынған.