Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Нақты сектордағы өсім ұсынылатын қызметтер көлемiнің ұлғаюына ықпал ететін баса айтқан министр: «Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады», - деді.
Сонымен қатар Қ.Келімбетовтің атап өтуінше, өнеркәсіп өндірісі көлемінің нысаналы параметрлер аясында ұлғаюы көлiк қызметiнің жыл сайын 7-8 пайызға арттырылуына себеп болмақ.
«Ақпарат және байланыс қызметтерi жыл сайын 7-9 пайызға өсуi керек», - деді ол.