Сауда қызметін реттеуге қатысты заңдарға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылады

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Ертең, қаңтардың 19-ы күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы жөнінде ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов баяндама жасап, қандай түзетулер енгізілетіні туралы депутаттарға түсінік береді. Осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Егор Каппель жетекшілік жасайды.

Заң жобасын әзірлеу қажеттілігі сауда қызметі саласындағы қолданыстағы ұлттық заңнама сауда операцияларын дамытудың ынталандыру немесе қолдау сипатынан гөрі, реттеу сипатына ие екендігінен туындаған.