Бұған дейін әлеуметтік желіде Лека Савельева Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерге ашық хат жазған.
Оның мұзмұнына қарасақ, компания қызметкерлері халық әртісі Бибігүл Төлегенованы ұшаққа дереу отырғызбаған және дөрекілік танытқан.
Бұл тұрғыда А. Шаққалиев болған жайтқа қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін құптайтынын айтты.
«Бұл тұрғыда тиісті ережелер бар екені түсінікті, бірақ мәселенің этикалық жағына да қараған жөн. Ол кісіге ұшаққа жету қиын болды. Менің ойымша, осы жағдайда әуежай қызметкерлері түсінікпен қарап, қолдау көрсетуге болар еді. Атап айтқанда, жүріп-тұруы қиын кез келген басқа да адамдарға қамқорлықпен қарағаны жөн», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, Air Astana компаниясы халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен болған жайтқа қатысты түсініктеме берді.