«Осы жылдың 22 қарашасында, сағат 21:31-де жедел жәрдем бригасы 102 арнасына қоңырау шалып, Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында тіршілік белгісі жоқ 28 жастағы әйелдің мүрдесі табылғаны туралы хабарлады. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.
Бұған дейін сауда, ойын-сауық орталығында әйелдің көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.