Сауда орталықтарында ет сату талаптары сақталмайды – агенттік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысының сауда орталықтарында ет өнімдерін сату бойынша көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша арнайы мониторинг тобы хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақмола облысы бойынша арнайымониторингтік топ мүшелері «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесініңөкілдерімен бірлесіп Көкшетау қаласының сауда орталықтарындағы ауыл шаруашылығыөнімдерін жүзеге асыруда санитарлық нормалардың ұстанылуына мониторингжүргізді.

Мониторингбарысында жұмыс тобының мүшелері тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек саудаобъектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бірнеше мәртебұзылғандығын анықтады. Мысалға, сауда орталықтарындағы ет сақтауға арналғанмұздатқыш камералар қажеттілік туған кезде жуылмайды. Сиыр етін сақтау үшіносындай камералардың ішінде қорғаныс қақпақшалары жоқ шамдар қолданылады. Бұлет өнімдеріне әйнек сияқты қауіпті қалдықтардың түсуінен қорғамайды. Соныменқатар, температура өлшеу үшін қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларының жоқтығыанықталды. Етті сатылымға шығаруға қажетті сөрелер немесе витриналар да жоқекен.

Мұздатылғанетті сату шарттары сақталмайды. Етті түпқоймасыз, жерде сақтайтын жағдайлар даанықталды. Ет шабатын бөлмеде қол жууға арналған шұңғылшалар орнатылмаған.


Ет тасымалдауқызметіне қатысты да көптеген ескертулер жасалды. Арнайы транспорттық құралболмағандықтан ет жеңіл автокөлікпен тасымалданады. Көліктің ішкі жоғарғықабаты тазаланбайтын, жуылмайтын және зарарсыздандырылмайтын, азық өнімдерінластанудан, жануарлардың, кеміргіштер мен құрт-құмырсқалардың кіруінен сақтамайтынматериалдан жасалған.

Сонымен қатаржұмысшылардың алжапқыштан басқа арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмейтініанықталды. Жеке және арнайы киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін бөлмеқарастырылмаған.

Өткізілгенмониторинг қорытындысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелері саудаорталықтарының иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдаренгізді. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардыңқатысуымен арнайы жиналыс өткізіп, осындай заң бұзушылықтарға алдағы уақыттажол бермеу мәселесін талқылау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар