Сауда үйі мен әкімдікті «жарып жібермек» болған қарағандылық ұсталды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласындағы барлық жедел қызметтерді дүрліктірген 39 жасар азамат ұсталды. Ол облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жарылыс ұйымдастырамын деп қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 тамыз күні сағат 12.13 шамасында 102 телефонынабелгісіз азамат хабарласып, қаладағы «City mall» сауда үйін жарып жіберемін депқорқытқан.

Облыстық Полиция департаментінің жеделкезекшісімен оқиға орынына барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Патрульдікполиция полкінің қызметкерлерімен оқиға орыны қоршауға алынып, ғимараттан 240адам сыртқа шығарылды. Бір сағат өткеннен кейін, белгісіз азамат 102 телефонынақайта қоңырау шалып, облыстық әкімдіктің ғимаратына жарылғыш зат қойғаны туралыхабарлады.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіруіс-шаралары барысында «Ізін сутпай» аталған іске қатысы бар деген күдікпен39-жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталып одан қоңырау шалған телефонтәркіленіп алынды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен екі ғимараттатексеріліп, жарылғыш зат анықталған жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚРҚылмыстық Кодексінің 273- бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып,тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар