Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт төрт шаршы метрге дейін ұлғайып, сағат бес кезінде сөндірілген. "Өртке қарсы бір техника және төрт адам жұмылдырылды. Машинаның салоны және моторының бір бөлігі жанып кетіпті. Төтенше жағдай неден орын алғаны анықталуда. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, жалын жақын тұрған көлікке де жеткізбей өшірілді", - дейді ТЖД мамандары.
07:28, 28 Маусым 2017
Сауда үйінің алдында тұрған көлік өртеніп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда «Артур» сауда үйінің көлік тұрағында Лада Приора маркалы жеңіл көлік жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .