Сауда және интеграция министрлігі ведомствоның Қоғамдық кеңесін құруға кірісті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде, ИСМ Жауапты хатшысы Ж. М. Нупировтың төрағалығымен, Министрліктің Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырысты ашқан Ж. Нупиров, Қоғамдық кеңестіңмәжіліс-кеңес беру алаңы ретіндегі жұмысының маңыздылығына назар аударды. ИСМЖауапты хатшысы: «Біздің министрліктің стратегиялық бағдарламаларынқалыптастыруында қоғам мүшелерінің пікірі біз үшін өте маңызды», - деп атады.

Қоғамдық кеңестің құзыретіне бюджеттік бағдарламалар жобаларын,министрліктің стратегиялық жоспарларын және олардың орындалуын талқылау, НҚАжобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу, Қазақстан Республикасыныңзаңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және тағы басқалар кіреді.

Жұмыс тобының бірінші отырысында, жұмыс тобының мүшелері мен байқаушылар,оның құрамына ИСМ-не өтініш берген барлық қатысушылар кірді, олар Сауда жәнеинтеграция министрлігінің қоғамдық кеңесі мүшелерінің санын анықтады. Талқылау нәтижесінде, ведомствоның Қоғамдықкеңесіне 10 адам кіруі керек деген шешім қабылданды: мемлекеттік органның 3өкілі және коммерциялық емес ұйымдардың 7 өкілі. Конкурс коммерциялық емесұйымдардың өкілдері, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарыарасында өткізіледі.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1. сотталғандығы болмауы;

2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3. психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққабайланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емесұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе)қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар