Саудия бекзадасына қастандық жасалды

АСТАНА.  Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - Сауд  Арабстанында іздеуде  жүрген  содыр   корольдік бекзадаларының  бірін өлтіру  мақсатында өзін жарып жіберді,

деп  хабарлайды  ВВС  телекомпаниясының   Орыс  қызметі.

Сауд Арабстанының Ішкі істер министрлігінде қауіпсіздік  мәселесіне   жауап беретін   бекзада бин Найефті   патшалықта соңғы жылдары  қызу  жүргізіле  бастаған  лаңкестікке  қарсы    науқанның   ұйымдастырушысы деп  атайды.

 SPA агенттігінің ақпараты  бойынша,  оқиға салдарынан  ешкім қатты  зардап шеге  қоймаған,  бекзада жеңіл   жарақат  алған.

 Бекзаданы    Рамазан  айымен  құттықтамақ болған   әлгі   азаматты   қауіпсіздік  қызметкерлері  бин Найефке  жіберердің алдында    тінтіп шыққан.  Бірақ соған  қарамастан,    экстремист   жарылғыш  құрылғыны  іске  қоса алған.