Саудиялық азамат опат болған түйесі үшін мұнайшылардан 1 миллион риал талап етуде

АСТАНА.  Қазанның  17-сі. ҚазАқпарат  -  Саудиялық  азамат  жайылымда жүріп мұнай  толтырылған    шұңқырға  түсіп,  опат болған   түйесі үшін     «АРАМКО» мұнай компаниясынан  1 миллион  сауд  риалын (265 мың  АҚШ доллар) талап етіп  отыр, деп хабарлайды  саудиялық  «Оказ»  газеті.

Түйе иесі Абдалла әл-Сайаридің айтуынша,  3 жасар   түйенің бітім-болмысы әсем  болғаны  сонша,  ол  арнайы  конкурсқа  қатысқан көрінеді;    жануар     Саудияның  шығысындағы әл-Ақса    қаласынан 250 шақырымдай     жерде  жайылымда  опат  болған,  деп жазады басылым.

 Ойсыл Қара   тұқымының     нақты құнын  анықтау  үшін,  сот     түйелердің  сұлулық конкурсын ұйымдастырушыларға  сауалнама  жіберуге  мәжбүр болған.   Ал конкурсты  ұйымдастырушылар  шақырған     сарапшылар кеңесі  аруананың    құнын 1 миллион риалға бағалаған.   Сот өзінің  шешімін    алдағы  дүйсенбі күні  шығаруы  керек,  деп жазады    газет.

 Арабия түбегіндегі елдерде түйелердің сұлулық конкурсы  тұрақты өткізіліп  тұрады.