Бұл жаңалықтың маңыздылығы сонда, иммунологтарға осы уақытқа белгісіз болып келген аталмыш ақуыздың белсенді рөлін анықтауда жатыр. Алдағы уақытта клиникалық деңгейдегі сынақтан өтсе, бұл жаңалықты дәрігерлер сырқаттарды емдеуде қолданады. Сәмия әш-Шулидің бұл жаңалығы британдық иммунологтар қауымдастығының (BSI) патентіне ие болды.
muslim.kz сайтының жазуынша, Ұлыбританиядағы Сауд Арабиясының елшісі Мұхаммед Науаф Сауд та аталмыш жаңалықтың маңыздылығын ескеріп, Сәмия әш-Шулиге құрмет көрсетті. Сәмия әш-Шули келешекте саудиялықтардың өз мүмкіндіктерін танытып, әлемдік ғылымға мол үлес қосатынына сенім білдірді. Бір айта кетерлігі, Сәмия әш-Шули тек медицинамен шұғылданып қана қоймай, сонымен қатар поэзия мен әдебиетке де әуестігі бар көрінеді. Ол осы уақытқа екі өлеңдер жинағын шығарып үлгерді. Қазір үшіншісін жазу үстінде.