Сәуегей сегізаяқ ... Испания азаматы атанды
12:57, 24 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионаты кезінде әлемге сәуегейлігімен танылған сегізаяқ Пауль испан азаматтығын алды.
Бұл туралы батыс бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап «Маяк» радиосы хабарлады.
Моллюск елдің солтүстік-батысындағы шағын Карбалиньо деген қалашықтың құрметті азаматы атанып отыр. Айта кету керек, бұл елді мекендегі индустрияның басты саласы - кальмар аулау және одан жеңсік астар дайындау болып табылады.
Бірақ та сәуегей Паульды, бауырларындай емес, мүлдем басқа тағдыр күтіп тұр. Әлемді таң қалдырған сәуегейлігі оған қолсұғылмаушылық құқығына кепілдік береді.