Сәуір айында еліміздің өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 5,9 пайызға қымбаттады

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2009 жылдың сәуір айында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 5,9 пайызға қымбаттады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, көрсетілген айда кен қазу өнеркәсібіндегі баға 10,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп ? 1,4, электр энергиясын, газды және суды өндіріп-тарату ? 0,6 пайызға өскен. Ал, бір айдың ішінде энергоресурстардың бағасы 9,1 пайызға, мұнай ? 13, электр энергиясы ? 1,1, табиғи газ және газ конденсаты ? 0,2 пайызға қымбаттаған. Ал, көмірдің бағасы 2,1 пайызға, мұнай өнімдерінің бағасы ? 1,4 пайызға төмендеген. «Өткен айда мыс ? 17,4 пайызға, өңделмеген қорғасын ? 4,4, қара металдардың прокаты ? 3.9, ферроқорытпалар ? 3,5, мырыш ? 1,3 пайызға өсті», делінген Агенттіктің хабарламасында.