Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,9 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,2%) құрады.
«2013 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 479,4 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз көлемінде болды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2013 жылғы сәуір айының соңындағы деректер бойынша 65,7 мың адам («Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрады (2012 жылғы сәуірде - 0,8%)»,-делінген агенттік мәліметінде.