Сәуір айында жоғалып кеткен қарт балықшы табылды
10:58, 03 Мамыр 2013
ӨСКЕМЕН. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылынан 10 шақырым жерде, Көкпекті өзенінен 23 сәуір күні жоғалып кеткен 72 жастағы балықшының денесі табылып, судан шығарылды.
Орталық суда-құтқару қызметінің мамандары қарияны іздестіру жұмыстарын қайықпен және жол талғамайтын көлікпен жүргізді.