«Үкімет инфляцияны тежеу, құндылықтар тізбегін талдау және өнімсіз делдалдарды жою бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда инфляция үш айдың қорытындысында жылдық мәнде 18,1 пайыз деңгейінде қалыптасты: онда азық-түлік - 20,5, азық-түлік емес - 18,1, ақылы қызметтер - 14,4 пайыз. 3 айдың қорытындысы бойынша инфляция жыл басынан бері 3,2 пайызд құрады. Оның ішінде: азық-түлік - 4,1, азық-түлік емес - 2,5, ақылы қызметтер - 2,8 пайыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды. Соңғы 6 аптада ол 0,1 пайыздан аспады және жыл басынан бері 3,4 пайызды құрады.
«Сәуір айының қорытындысы бойынша күтілетін инфляция деңгейі шамамен 1,8 пайызды, жыл басынан бастап 5,1 пайызды құрайды. Бірақ, министрлік есебіне сәйкес, ол өте жоғары дерек. Біздің ойымызша, сәуір айында инфляция екі есе төмен болады, 0,9 пайыздан, ал жыл басына бері 4 пайыздан аспайды. Бұл Үкіметтің бағаны ұстап тұру мәселесіне бағытталған іс-қимылының нәтижесі», - деді Серік Жұманғарин.