Бұл туралы «Қазгидромет» сайтында хабарланған.
Айдың ортасына қарай Қазақстанның барлық аймағында дерлік маусымға тән емес жылы ауа райы, ал елдің оңтүстік-батысында тіпті ыстық ауа райы болады деп күтіледі.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде - 20...28 градусқа дейін жылынса;
Республиканың оңтүстігіндегі аймақтарда - 30...37 градусқа дейін ысиды.
Ауа температурасының осылай күрт жылынуы қар еру процесін жылдамдатып, ол су тасқыны қаупін ұлғайтады.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы қайта өзгеріп, нөсерлі жауындар жауып, кейбір өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.