Сәуір-наурыз айларында тұрғын үй бағасы 5-7 пайызға төмендейді- «БТА Ипотека» АҚ президенті

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Биыл сәуір-наурыз айларында тұрғын үйдің бағасы 5 пайызға төмендейді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «БТА ипотека» АҚ өкілдері мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БТА ипотека» АҚ президенті Сағындық Құсайыновтың айтуынша, бүгінгі таңда жылжымайтын мүлік нарығы бағалық жағынан құлдырау шегіне жетті. «2008 жылы үй бағасы Алматы қаласында 35 пайызға, 2009 жылы тағы 20 пайызға төмендеді. Биыл өткен жылдардағыдай қатты құлдырау орын алмайды. Дегенмен қыс маусымына байланысты сәуір-наурыз айларында аз төмендеу болады», дейді С.Құсайынов. Оның айтуынша, 2010 жылдың ортасынан бастап үй бағасы аздап көтеріледі. Ал ипотекалық несиелендіру саласында аздаған белсенділік пайда болып, 10-15 пайызға артады.