Сәуірде айналыстағы бағалы қағаздар 893,4 миллиард теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Сәуірде Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру бойынша 6 аукцион өткізген. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшылығы мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі наурыз айымен салыстырғанда 4,7 пайызға ұлғайып, сәуірдің аяғында 893,4 миллиард теңге болған. Өткен айда сондай-ақ Ұлттық Банктің ноталары эмиссиясының көлемі наурызбен салыстырғанда 58,7 пайызға артып, 150,0 миллиард теңгеге жеткен. Ал қысқа мерзімді ноталардың кірістілігі наурыздағы 5,92 пайыздан 5,85 пайызға дейін төмендеген.Айналыстағы ноталардың көлемі наурызбен салыстырғанда 9,9 пайызға азайып, сәуірдің аяғында 172,4 миллиард теңге болған.