деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Ауа температурасы бүкіл республика аумағында нормадан 1-2 градусқа жоғары болатындығы күтілуде. Синоптиктердің мәліметінше, оған оңтүстік-батыстан келетін жылы ауа массалары себеп.
Ал жаз айларында еліміздің батыс бөлігінде күн жылы болса, қалған аймақтарда мөлшер шамасында сақталады. Тек солтүстік-шығыс аймақтарда -1 градусқа салқынырақ болады. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде мөлшер шамасында түссе, оңтүстік пен солтүстік-шығыс аймақтарда жиі шығатын циклондардың әсерінен жаңбыр мол жауады.