Сәуірде тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды - Статистика

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы сәуірде тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«2011 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 0,5 пайызға, көркейтілген және көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып-сату - 0,6 пайыздан жоғарылады. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы өзгеріссіз қалды», - делінген баспасөз ақпаратында.

Ведомствоның атап өтуінше, жаңа тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 148 432, көркейтілген тұрғын үйлердікі 109 201, көркейтілмеген тұрғын үйлердікі 64 652 мың теңгені құраған. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру 1 шаршы метрі үшін 856 теңге болған.